Қазақстандық теннисші, әлемнің төрт жүз қырық алтыншы ракеткасы Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 622 орында тұрған чехиялық Дениса Хиндовамен бас жүлдені сарапқа салды.
Жібек Құламбаева 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бұдан бұрын, кеше Жібек ресейлік Дарья Лодиковамен бірге жұптық сында да үздік шыққан еді. Осылайша, ол жарыстың абсолютті чемпионы болды.
Related news
The Embassy of China in Kazakhstan celebrated the 74th anniversary of the founding of the Republic of China