Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды

3388
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/s-94.png
Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап. Күнсұлу Дальтонқызы әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинасын әзірлеуге қатысқан. «Биоқауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының бас редакторы. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, 8 ғылыми-әдістемелік құралдың, 5 монографияның, 29 өнертабысқа берілетін патенттің, оның ішінде 2 халықаралық патенттің, профилактикалық және диагностикалық препараттар өндірісі бойынша 7 нормативтік-техникалық құжаттың авторы. 2022 жылдың 22 тамызында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директорының лауазымына тағайындалды. Оған дейін ҚР ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемасын ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директоры қызметін атқарды.
Comments