Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионы атанды

5633
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/5702229c-fbdc-480c-b176-29f052e5de59.jpeg

Еркін күрестен 79 келіге дейінгі салмақта күресетін Болат Сақаев өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновты ұтып, Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Есеп 7:4.

Айта кетейік, Сақаевтың қарсыласы Токио Олимпиадасында қола жүлде (74 кг) жеңіп алған тəжірибелі

палуан. Бұл біздің құраманың Астанада өтіп жатқан құрлық бəсекесіндегі 5 - алтын жүлдесі.

Бұған дейін Санжар Досжанов, Жәмилə Бақбергенова, Эльмира Сыздықова мен Ибрагим Магомадов алтын медаль жеңіп алған.

Comments