Ресейлік "Газпром" корпорациясы Қазақстан Республикасының энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзін жоққа шығарды. Министр Ресей газының Қазақстан үшін "айрықша" бағасы жайлы айтқан еді, деп хабарлайды, "Адырна" ұлттық порталы "КазТАГ"-қа сілтеме көрсете отырып.
"Қазақстан үшін Ресей газының құнына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатқан ақпарат шындыққа еш жанаспайды. Оны айтып жүрген Алмасадам Сәтқалиев пен Қазақстан энергетика министрлігінің деректері шындыққа "үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын" айтқанымыз жөн, - делінген.Орайы келгенде айта кетейік, бұған дейін министр Сатқалиевтің "Газпром" Қазақстанға Беларуське қарағанда әлдеқайда төмен бағамен газ ұсынады" деген сөздері БАҚ-та тарап, дүйім жұртты дүр сілкінткен болатын.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis
