Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі оқырмандарына неге қазақша сөйлемейтінін түсіндірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Айтуынша, оның қазақ тілін үйренуге уақыты жоқ.
“Менің кестем өте тығыз. Біздің отбасымыз негізінен орыс тілінде сөйлейді. Қазақшаға уақыт жоқ. Сәуірде мен 3 турнир ойнаймын, мамырға екеуі жоспарланған, сондықтан... Мұнда таңдау керек, шахмат немесе тілдерді үйрену. Бірақ мен тырысамын”, - деді Бибісара.Еске салайық, осы аптада ол шахматтан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанған еді.
Related news
The 80th Anniversary of the Great Victory. 2.5 Billion Tenge to Be Allocated for the Military Parade