Бірлік туы — AMANAT

2521
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/2bb073a6-aebf-434d-80c0-61a5963d32bf.jpeg
Алматыда «AMANAT» партиясы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Іс-шараға Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, партия мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты. Қайырымдылық жәрмеңкесінде әлемнің әртүрлі елдерінің асханаларынан тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ, мерекелік жәрмеңке барысында қазақ, орыс, өзбек, армян, ұйғыр, күрд ұлттарының ансамбльдері қатысқан ойын-сауық концерттік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы іс-шараның экологиялық жағынан таза өтуіне көңіл бөлді. Онда қалдықтарды жинауға арналған арнайы экоконтейнерлер орнатылды. Іс-шара соңында сатудан түскен барлық қаражатты мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаумен айналысатын «Тағдыр» мүгедек балалардың отбасылық клубына жіберілетін болады.
Comments