Алматыда мопед мінген азамат жаяу жүргінші әйелді қағып кетті

3233
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/photo_429341.jpeg
Алматыда мопед мінген жеткізуші әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды "Адырна". Оқиға 28 сәуір күні сағат 15:30-да Төле би көшесінде болған. Мопед мінген 1997 жылы туған жеткізуші қызметіндегі азамат көшеден өтіп бара жатқан 1942 жылы туған жаяу жүргінші әйелді қағып соққан.
"Соның салдарынан жаяу жүргінші зардап шегіп, қаладағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді. Факт бойынша Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments
Other materials