"Ұмай" әйелдер ипотекасына өтінімдер қабылдау басталады

2436
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/izobrazhenie_2023-05-03_164119381.png
10 мамырда «Отбасы банкі» ұсынған «Ұмай» әйелдер ипотекасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталады, деп хабарлайды "Адырна". Бұл туралы «Отбасы банкі» Instagram парақшасында хабарлады. ⠀ Бағдарламаның шарттары: ⠀ — айлық табыс 550 000 теңгеден аспаса — 15% бастапқы жарна; — егер табыс 550 000 теңгеден 640 000 теңгеге дейін болса, бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20% құрайды; — сатып алынатын тұрғын үйдің максималды құны — 30 млн теңге; — несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме — 14,4%, кейінірек ол 3,5% — 5%-ға дейін төмендейді; — несиелеу мерзімі — 6 айдан 25 жылға дейін; — баспананың алғашқы және қайталама нарықтан таңдауға болады; — пәтерді жөндеуге 3,7 млн теңгеге дейін несие беріледі. ⠀ Өтініш беру үшін банк бөлімшелеріне немесе банктің кеңес беру орталықтарына баруға болады. ⠀ Сондай-ақ өтініш беруші otbasybank.kz порталында онлайн тіркеле алады.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments