Аризона ұлттық гвардиясының “Ең үздік жауынгер “байқауында марш-бросок (жүгіру) бойынша жетекші орын алған 3-сыныпты сержант Ермек Зайлаги мен кіші сержант Назира Әлбосынованы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық пораталы.
Сержант Зайлаги 40-тан астам бәсекелесті басып озып, екі сағаттан сәл ғана асатын жүгіру жарысында жалпы есепте бірінші орынды иеленді, ал сержант Әлбосынова да жоғары көрсеткішпен мәреге жетті.
Марш-жүгіру - 15 килограмдық пакетті киіп жүгіретін 20 шақырымдық «тас жол маршы». “АҚШ-Қазақстан мемлекеттік әріптестік” бағдарламасы аясында Қазақстан қарулы Күштерінің бас сержанты Темірбек Халықов Аризона Ұлттық гвардиясымен бірге оқу-жаттығуларына қатысты. Олар Аризона Ұлттық гвардиясының сарбаздарымен 15-тен астам түрлі іс-шараларға қатысып, күштері мен төзімділігін көрсетті.
Сержант Әлбосынова да жарысқа қатысқан қазақ әйелдерінің алғашқысы.
"Let the compensation be paid in cash." The people of Kulsary gathered in front of the mayor's office