Астанада Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Іс №2 Байқоңыр аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық пораталы.
«Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 389-бабы 4-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сонымен қатар, Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі 1,8-тармағы және осы баптың 125-бөлігінің 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», – деді судья Кемеңгер Имашев үкімді оқи отырып.Судья Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодестің 58-бабы 3-бөлігі негізінде барынша қатаң жаза тағайындалғанын айтты.
«Гүлмира Сатыбалдыға 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 49-бабы негізінде Президентке мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін», – делінген сот үкімінде.Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды кәсіпорындардың қатысу үлесін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергеуге алынған еді. Жәбірленушіге келген залал сомасы – 6,6 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ, Гүлмира Сатыбалдының сотқа дейінгі тергеу кезінде шекара асып кетпек болғаны белгілі болды. Ол сотта айыбын ішінара ғана мойындады. Айта кетсек, прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Сонымен қатар, Гүлмира Сатыбалды айыптаулармен келіспейтінін айтып, "әділ шешім қабылдауға" өтініш жасаған болатын.
Related news
Kazakhstani students will compete for the title of the best robotics in international competitions in the United States