Тоқаев Эмомали Рахмонды Қазақстанның ең жоғары наградасымен марапаттады

2381
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/ba659563-e760-4a67-a18a-e665639bd6ff.jpeg
Тәжікстан басшысы «Алтын Қыран» орденімен марапатталды, деп хабарлайды, “Адырна” ұлттық порталы.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады», - делінген Ақорда мәліметінде.
Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алды.
Comments