"Жеңіске деген ерік-жігер". Президент қазақстандық 4 боксшы - әлем чемпионын құттықтады

3020
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/a43eb21b-56db-4e8b-bb34-18ae3753516a.jpeg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады. Бұл туралы Ақорда жариядады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президенттің Twitter-дегі құттықтауында бокстан елімізге алтын медаль әкелген төрт спортшының өнерін тамашалағанын айтып, жігерлі жеңістерімен құттықтады. 

“Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен

тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!” – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

Comments