Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға келмейтін болды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Айтуынша, Италияда болып жатқан су тасқыны салдарынан Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға келмейді.
"Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқынысалдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады. Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды. Осы себепке байланысты Италия Үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды", - деп жазды Руслан Желдібай.Жазбаға сүйенсек, Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған көрінеді. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен 22 мамыр күні кесдесу керек еді.
Related news
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis
We need real results, high-speed Internet, and quality communication, not statistics covering the country
