Алматыда 24 мамыр күні «Алатау» дәстүрлі-өнер театрында сағат кешкі 19:00-де Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы, этнограф Зейнеп Ахметовамен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Адырна» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен кездесу өтеді.
Біздің ұлттық қадір-қасиетімізді, құндылықтарымызды бүгінгі жастарға насихаттап, салт-дәстүрімізді дәріптеп, ақыл-кеңестерін ұлт санасына жеткізіп келе жатқан Зейнеп Ахметовамен тұңғыш рет Алматы қаласында ауқымды деңгеде шара өтпекші.
Сондай-ақ, іс-шараға өнертанушы, әнші Ерлан Төлеутай және одан өзге ғалым, зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтілуде.
Зейнеп апайымыз Алматы қаласындағы оқушы, студент жастармен, ұлттық құндылықтарға бей-жай қарамайтын қалың көпшілікпен кездесіп, тәлім-тәрбие, салт-дәстүр, жалпы ұлттық болмыс жөнінде кеңінен әңгіме тарқатады. Қатысушылар Зейнеп Ахметоваға тікелей сауалдарын қойып, жауабын ала алады.
Тіркелі үшін сілтемеге өтіңіз.
Have criminal cases been filed against Samat Abish and Askar Mamin? - The Interior Ministry answered