Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) Автомобиль жолдары комитеті Алматыдағы ҮААЖ (БАКАД) көлік қозғалысы жолының ашылатын күнін жариялады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында 1-А санатты жолдың ұзындығы 66 шақырымды құрайтын, екі жағынан үш жолақты жылдамдықты 120 шақырым/сағ болатын БАКАД-ты пайдалануға беру жоспарлануда», - деді ол. Бұл туралы автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Жамбыл Бақтияр айтты.Автомагистральда үлкен өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ететін шығу мен кіреберістерге шлагбаумдарды орнатуды көздемейтін ашық ақы алу жүйесі болады.
"Адырна" ұлттық порталы