Мәсімов пен Боранбаев қазір қайда отыр?

2925
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/39ddfb1b-4861-445d-ba81-de4217e1fdef.jpeg

Жақында сотталған бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен кәсіпкер Қайрат Боранбаев сот үкімі жарияланғаннан кейін әлі тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев олардың айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Боранбаев әлі тергеу изоляторында. Мәсімов ҰҚК-нің тергеу изоляторында. Әзірге ол қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне келген жоқ, – дейді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев.

Мейрам Аюбаевтың айтуынша, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары ішкі істер, арнайы органдар, құқық қорғау және сот органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған қылмыстық-атқару жүйесінің екі мекемесінің бірінде жазасын өтейтін болады.

Қазақстанда барлығы мұндай екі мекеме бар: біреуі (орташа қауіпсіздік) – Өскеменде, екіншісі (ең жоғары қауіпсіздік) – Семейде.

Comments