Соғыс болып жатқан аймақтардан Ресейге жеткізілген украиналық балаларға көмек қолын созып, жетім балаларды өз Отанына жеткізуге жәрдемдесіп жүрген Save Ukraine (Украинаны сақтау) қорының өкілі ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новости"-ге сілтеме көрсете отырып.
Қор өкілдерінің хабарлауынша, ұсталған әйел Save Ukraine (Украинаны сақтау) қорының тапсырмасы бойынша Ресейге барған. Ол украиналық жетім балаларды шетелге алып кетуді көздеген.
Қордың Украинаның қауіпсіздік комитетімен байланысы бары да айтылды
Орайы келгенде айта кетейік, Save Ukraine қоры соғыс басталғалы бері Ресейге апарылған балаларды Украинаға кері қайтарумен айналысады. Қайырымдылық ұйымының атқарушы директоры Николай Кулебаның айтуынша, Ресейге апарылған балалардың ата-аналары перзенттерімен қауыша алмай, қиындықтарға тап болған. Олар Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің сансыз сұрақтарына жауап беріп, сағаттаған тексерісінен өтуге мәжбүр болған.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The first Inter-Parliamentary Forum of the Central Asian States is taking place in the city of Turkestan
“Marks of a rope were found on his body.” The brother of the officer who passed away in Zharkent shared his thoughts
