Қожаберген жырау туралы "ғылыми конференцияда" оған қатысушылар ондай жыраудың өмір сүрмегендігін дәлелдеп қайтар еді.

2256
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/280858287_4962988523748719_6052209127425171733_n-960x500.jpg?token=b40872241a38109b84b2e0f0a38e88cc
Біз ұяттан тым алыстап кеттік!
Түркістанда Қожаберген жырау туралы "ғылыми конференция" өтіп жатыр екен. Шынымен ғылыми болса, оған қатысушылар ондай жыраудың өмір сүрмегендігін, күні кешегі бір бейбақтың құрап-сұрап жасаған "Елім-ай" дастаны дегені бастан-аяқ шыли өтірік, поэзияға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын шикі дүние екенін дәлелдеп қайтар еді.
Керісінше министрліктің қаржы бөлуімен жоқ тарих, жоқ "тұлға" мақтап-мадақталып, аспандатылып жатқаны сөзсіз. Астана, Алматыдан барып, әжептәуір адамдар қатысып отыр. Ұят!..
Біз түбі ұяттан өлеміз не ұятты біржола өлтіріп тынамыз.
Comments