Жетісу облысында жоғалған 15 жастағы қыздың денесі табылды

4143
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/50325552-49b3-4774-bc12-cf1b2aaf342b.jpeg
Жетісу облысы Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылынан хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«2 күн бұрын жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі Әулие ағаш ауылынан 2-3 шақырым жерде Бұрақожыр өзенінің арнасынан табылды. Зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Оқиғаның мән-жайын мұқият тексереміз»,—деді облыстық полиция департаменті.
Еске салайық, бұған дейін жасөспірім қыздың жоғалып кеткенін жазған едік.
Comments