Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа заңнама дайындады. Құжатта босқындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үкіметтің төтенше жағдай енгізу мүмкін екені айтылған, деп жазады "Адырна".
Пана іздеп келген шет елдіктерге шатыр және стационарлық қалашықтар, сондай-ақ уақытша қоныстандыру пункттері дайындалмақ.
Төтенше жағдай режимі кезінде өңірлік жедел штабтар құрылады. Ішкі істер органдары босқындарды тіркеп, іздеуде жүргендерін тұтқындайды. Қоғамдық талқылау 15 маусымға дейін жалғасады.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The idea of mold at the neighbor's expense. Those who sold Russian wheat on behalf of Kazakhstan were arrested