Түркияда, Анкараның зымыран зауытында, жарылыс болды. Салдарынан бес адамның жан тәсілім еткені хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Зымырандар мен жарылғыш заттар дайындайтын Анкара зауытында жарылыс болып, өрт шықты. Бұл туралы TRT Haber мен CNN Türk хабарлады.
Жарылыс салдарынан бес адам қаза тапты, деп жазады Анадолу агенттігі Түркияның Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Түрік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандардың барлығы - зауыт қызметкерлері.
Жарылыс болған кәсіпорын қаланың шығыс аймағында, Эльмаш ауданында, орналасқан. Зауытта Түркияның қарулы күштеріне қажетті өнім дайындалып, мемлекеттік тапсырыс орындалады.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Қару-жарақ
суық соғыс
түркиядағы жарылыс
зымыран зауыты
зымыран өндірісі
түркия қарулы күштері
түркия мен нато