Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мемлекет басшысы өзінің құттықтау сөзін Twitter-дегі ресми парақшасында жариялады.
Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді, – деп жазды президент.
Қазақстанда медицина қызметкері күні маусым айының әр үшінші жексенбісінде атап өтілетінін айта кетейік.
Related news
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.
