Іздеу саламыз! Шымкентте 4 жасар бала жоғалды

3817
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/9a0856a3-6106-4a6b-9453-2f60d0d2be87.jpeg

Шымкентте үйінен шығып кеткен 4 жасар бала табылмай жатыр. Бұл туралы _Volontery_shymkent_lider.kz  Жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, 2019 жылы туған Әділет Розахов 23 маусымда 15:00 мен 16:00 аралағында "Алаш" базары маңындағы үйінен шығып кеткен.

Баланың айрықша белгілері: шашы қысқа, арықтау келген, көзі қоңыр түсті.

Үстіне кеуде тұсында жазуы бар қызыл-көк түсті футболка, ақ сызығы бар шорты киген. Соңғы рет баланы жасөспірімдермен бірге жүргенде көрген.

Баланы көрген немесе қай жерде екенін білетін азаматтардан 8 777 679 18 24 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.  

Comments