Іле сағасында 6 200 гектар жерге өрт жайылды

2448
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/3732da8ea2a732e75ca7af38e7e5485d_1280x720.jpeg
Іле-Балқаш аңғарында қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Іле-Балқаш резерватының (кірме жолдар жоқ аралшықтар және қолжетімділігі төмен батпақты жерде) аумағында 150 гектар алаң жанып жатыр. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6 200 га болды, оның ішінде сөндірілгені – 6 050 гектар. ТЖД және «Іле-Балқаш» МТР» РММ күштері қолмен жұмыс жасайтын шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағында 6-кварталда алдын ала болжам бойынша 150 га алаңда сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштері жерді жырту жұмыстарына кірісті. Елді-мекендерге қауіп жоқ. Әлеуметтік желілерде таралған космониторингтің суреттері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан. Метеорологиялық жағдай: күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +24 С, солтүстік бағытта соққан желдің жылдамдығы 2 м/с», - делінген хабарламада.  

"Адырна" ұлттық порталы

Comments