"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

2569
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/izobrazhenie_2023-06-26_174213368.png
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Е. Қарамырзаев (қазіргі таңда "Қаражанбасмұнай" АҚ бас директорының орынбасары) ұсталды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Е. Қарамырзаев "КЕЗБИ" ЖШС-нің және "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілетін пайдаланған деп күдікке ілінген. Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол "КЕЗБИ" ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті", - делінген хабарламада. ҚМА мәліметінше, ол заңсыз әрекеттерімен "КЕЗБИ" ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген және мыңнан аса қызметкердің құқығын бұзып, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырған. ҚР ҚПК 201-бабының негізінде өзге ақпарат жарияланбайды. "ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.  
Comments