Астана күні. Пандемияда соңғы рет атылған отшашу биыл болмай ма?

2813
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/eb480599-1d28-4ff8-bd6c-485589f68f19.jpeg

Астана күніне орай отшашу болмайды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 Әкімдік мәліметінше Астананың 25 жылдығына орай 100-ден аса іс-шара өткізу жоспарланып отыр екен

Биыл қала күніне орай отшашу болмайды. Алайда, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда. Оның 90-ға жуығы - елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін, – деп жауап берді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар мереке күндері

бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, үлескерлерге пәтерлердің кілттері табысталады. 

Айта кетейік, Астана күніне орай қазақстандықтар 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады.

2020 жылы коронавирус пандемиясы Қазақстанда шырқау шегіне жеткенде Астана күнінде атылған отшашу әлеуметтік қатаң сынына ұшыраған еді. Содан бері осы күні отшашу болған емес.

Comments