Алматыда ҚР мемлекеттік рәміздері күні қандай іс-шара өтеді ?

1041
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/05295320015596268850406201925_800x600-960x500.jpg?token=64f2ee5bef8b53719b694c07afb57cbd
Алматыда ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай түрлі іс-шара, оның ішінде мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру және жаппай әнұранды орындау, веложарыс, тақырыптық көрмелер, дөңгелек үстелдер және т.б. жоспарланған. Сағат 11:00-де «Медеу» биік таулы спорт кешенінің алаңында қала басшылығының, жастар жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру және әнұранды жаппай орындау жоспарланып отыр. Сағат 11:00-де қаланың барлық ауданында әнұран бір мезетте орындалады. Сағат 12:00-де Шевченко көшесі бойымен М.Ганди атындағы саябақтан Қонаев көшесіне дейін веложарыс өтеді, оған әркім қатыса алады. Жарысты бастамастан бұрын барлық қатысушыға жалаушалар таратылады, мәреге жеткен кезде ҚР әнұранын жаппай орындау ұйымдастырылады. Сағат 19:30-да Абай алаңында отандық эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы, Дильназ Ахмадиева, Нұржан Керменбаев, Газизхан Шекербеков, Мархаба Сәби, Арай Tribute, «Made in KZ» тобы, Сырымтай Еңсепов және Қазбек Құрайыш қатысатын мерекелік концерт өтеді. Концерттен кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония хорының жастар құрамы ҚР мемлекеттік әнұранын орындайды.  
Comments
Other materials