Белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков экс-Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мүддесін қорғаған адвокат Мұстахим Төлеевтің ұсталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Астанада бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қорғаған адвокат Мұстахим Төлеев ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, адвокаттық өтінішті экс-шенеуніктің әйелі жазған. Ол күйеуіне жеңіл жаза тағайындау үшін адвокатқа біраз ақша бердім деп отыр, - делінген хабарламада.
Журналистің айтуынша, қылмыстық іс «Алаяқтық» және «Пара беруге итермелеу» баптары бойынша тіркелген.
Адвокат Төлеев изоляторға қамалды.
Еске салайық, 2022 жылдың 16 мамырында Мұхамедиұлының үйінде және Ұлттық музейде тінту жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Кейінірек экс-министр өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады.
Алайда оның өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Кейін Мұхамедиұлының өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына

1 шілдеде Мұхамедиұлы Алматы қаласындағы «Республикалық су және қолданбалы спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік кәсіпорнының ведомстволық бағыныстағы ғимаратын еншілес ұйымның пайдасына жеңілдетілген бағамен иеліктен шығаруға көмектескені белгілі болды. Осы эпизод және кейбір деректер бойынша, 2,218 млрд теңге көлемінде шығын келтірілген.
24 қаңтарда Мұхамедиұлы ісіне қатысты ҚР Ұлттық музейі директорының экс-орынбасары Алмаз Нұразханның ұсталғаны белгілі болды.
20 маусымда Мұхамедиұлы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.