Түркістан облысында 56 жастағы азамат таудан құлап, қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оқиға Төле би ауданында болды. Ер адам әйелі мен досын ертіп Сайрам шыңын бағындыруға тауға шыққан. Ал қайтар жолдағы қауіпті аумақта 1967 жылы туған
ер адам төмен құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Related news
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары әлі жүргізілген жоқ. Қазіргі таңда Қасқасу кемпингінде полиция департаменті, ауыл шаруашылығы саласы, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД қызметкерлерінен штаб құрылды, - делінген ақпаратта.