Алматыда қыздарды ұрып-соғып, жыныстық құлдықта ұстайтыны айтылды

2580
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/64a94b538e2af248518851.png
Алматыда қыздарды ұрып-соғып, жыныстық құлдыққа жетелегені хабарланды. Бұл туралы НеМолчиKZ қорынан хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
"Ауылдардан келген жас қыздарды секс-құлдыққа осылай тартады. Алдымен оларды ұрып-соғып, қорқытады, содан кейін зорлайды, видеоға түсіреді және масқаралаймын деп қорқытады. Ұятқа қалудан қорқып әрі ұрып-соғып қорланған қыз олардан талабынан аса алмай, айтқанының бәрін жасайды. Содан кейін мұндай қыздардың көпшілігі панельде болады", - делінген бейнероликтің жазуында.
Қазіргі уақытта Алматы полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция басқармасыда тіркеп, тергеп жатқанын мәлімдеді.
- Объективті жағдайлар белгіленеді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында, деп мәлімдеді басқарма.

"Адырна" ұлттық порталы 

   
Comments