«Украина, сөзсіз, НАТО-ға мүшелікке лайық». Ердоған Украинаны қолдайтынын айтты

2258
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/c041d33b-8d51-40b0-8ca3-b5c8c62d68da.jpeg
Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған Украинаны қолдайтынын айтты. Бұл туралы ол Зеленскиймен бірлескен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. "Украина, сөзсіз, НАТО-ға мүшелікке лайық. Осы тұста бір нәрсені қайталап айтқым келеді. Әділдік орнаған әлемнен ешкім ұтылмайды", - деді Ердоған Түркия Украинаның "аяққа тұруына" көмектесетінін айта кетті. "Украинадағы осы нарықтың көшбасшысы болып табылатын құрылыс компанияларымыз украиндық достарымызға елді қалпына келтіруге көмектеседі", - деді Түркия президенті. Айта кетейік, Ердоған мен Зеленский арасындағы келіссөз жұма, 7 шілдеде Ыстамбұлда өтті. Ел басшылары Украинадағы жағдайды, сондай-ақ мерзімі 17 шілдеде аяқталатын астық келісімін ұзарту мәселесін талқылады.  
Comments