Астана күнінде 1000 сәби өмірге келді

2617
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/e00a5081-0b5e-4b2f-b69d-37f494317e41.jpeg
Биыл Астана күнінде Қазақстанда 1000 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды “Адырна” Tengri.kz-ке сілтеме жасап. Елімізде 6 шілде - Астана күні. Атаулы күнде елімізде 1000 сәби дүниеге келді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның 505-і қыз және 495-і ұл, оның ішінде 8 жұп - егіз. Жаңа туған нәрестелердің саны бойынша рекордтық көрсеткіш Түркістан облысында. Бір тәулікте 146 сәби дүниеге келген. Ал екінші орында Алматы қаласы тұр, мұнда 91 нәресте өмір есігін ашқан. Сондай-ақ, бүгінде елімізде 26 адамға Астана есімі берілген.
Comments