Аутсорсинг деген арсыздың кәсіби журналистиканың жолын бөгеп, ақшаны жалмап жатқанын сан мәрте айттық, ешкім елемейді.

2093
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/106264728_2623077477930308_4141492197910097568_n-960x500.jpg?token=403af3ac8f1e1adc6b88b4cdeabf6398
Тілі орыс-қазақша шалдыр-шатпақ бір бағдарламаға жылына 540 млн теңге бөлінеді дегенді оқыдым. Бұл біздің ақпараттық кеңістіктің бүгінгі күйі. Аутсорсинг деген арсыздың кәсіби журналистиканың жолын бөгеп, ақшаны жалмап жатқанын сан мәрте айттық, ешкім елемейді. Аймақтағы тәулігіне 17 сағат жұмыс істейтін, 20 журналиспен аптасына 20-30 хабар шығарып отырған телеарналардың жылдық бюджеті ана сомаға жетпейді. Сұмдық емес пе? Ал қазақ ақпараттық кеңістігіне бөлінген орталықтағы миллиардтар түрлі шатпақ, халыққа берер түгі жоқ шоуларға, бір-бірінен атауы мен студиясы ғана бөлек, не жанрлық, не тақырыптық ерекшелігі жоқ кіл кейіпкерлер туралы бағдарламаларға кетіп жатыр аутсорсинг арқылы. Ақпарат аштығының, ел күйін шоумен бүркеудің ақыры қандай болғанын қаңтарды көзбен көрген медиа-менеджерлер түсінбегені өкінішті.  

Serik Abikenuly

   
Comments
Other materials