Өткен жылдан бері ресейлік 10 спортшы Қазақстан азаматтығын алған. Бұл туралы «Холод» басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазақстанға 10 спортшы көшіп келіп, азаматтығын ауыстырған. Ал 204 спортшы спорттық азаматтығын өзгерткен немесе өзгертуге ниетті. Бұл көрсеткіш спорт азаматтығын өзгерту туралы хабарламаларды, жарысқа қатысушылар туралы ашық деректерді, сондай-ақ спорт федерацияларының тізімдерін сараптай отырып жасалды»,—делінген хабарламада.Қазақстан құрамасына ауысуға өтініш білдіргендер қатарында конькимен жүгіруден әлем чемпионатының алты дүркін қола жүлдегері Елизавета Голубева мен Ресей чемпионы Кристина Силаева да бар.
Related news
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis
