Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

2098
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/e287224f-dd4c-480b-b5a9-3b144020228d.jpeg
Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Үкімет қаулысымен Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков берген өтінішіне сәйкес ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды»,—делінген хабарламада.
Бұған дейін вице-министрдің өз еркімен қызметінен босату туралы рапорт жазғанын хабарлаған едік. Еске салсақ, Абай облысындағы өрт кезіндегі жедел штаб отырысында Президент Марат Күлдіковтің сөзін бөліп, министрлік жұмысына сынға алған болатын.
Comments