Минус 10 градус: Қазақстанда алдағы күндері күн суытады

4142
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/04/sput-2.jpg
16-18 сәуір күндері бірқатар өңірде ауа температурасы төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері жауын-шашын, жылбысқа қар мен тұман түседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"16-18 сәуір күндері бірқатар өңірде ауа температурасы минус 2-ден 10°С-қа дейін төмендейді. Оңтүстік облыстарда ауа райы құбылмалы болады. Орталық Азия аймағынан жылжитын циклон мен Қазақстанның солтүстік аймағынан келетін суық арктикалық фронт ықпалынан жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты найзағай ойнайды", - деп ескертеді синоптиктер.
Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 2-6°С-қа төмен болады, Ал оңтүстікте нормаға дейін төмендейді.
 
Comments