Астана футболшылары Хорватиялық клубтан ірі есеппен жеңіліс тапты

5349
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/izobrazhenie_2023-07-26_103531598.png
Елордалық «Астана» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, - деп хабарлайды "Адырна" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. «Астананың» қарсыласы Загребтің «Динамосы» болды. Хорватия астанасында өткен кездесу алаң иелерінің үлесіне 4:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймның өзінде-ақ Хорватия чемпиондары үш гол соқты. Бруно Петкович 36-минутта отандасы Йосип Хондричті қапы қалдырды. 41-минутта Лука Иванушец екінші допты астаналықтар қақпасына бағыттады. Екі минуттан кейін Иванушец дубль жасады. Ал екінші таймда, 56-минутта Иванушец хет-трик жасады. Қарымта ойын Астанада 2 тамызда өтеді.
Comments