“Денсаулығыма әсер етті”. Әблязовтің ағасы Қазақстанға не себепті оралғанын айтты

4263
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/0e16d0d3-840e-435a-ba6a-0e5cec92a8ef.jpeg
Мұхтар Әблязовтің ағасы Қуаныш Нұрғазин Қазақстанға неліктен оралғанын және туысы жөніндегі ойын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Almaty.tv-ға сілтеп. Айта кетейік, ол 25 шілде күні Алматы әуежайында ұсталды, енді ол екі ай үйқамақта болады.
Мені Мұхтар Әблязов алаяқтық схемалар мен айла-шарғыларға еріксіз араластырды. Ұзақ уақыт бойы Отаннан жырақта жүргенім, БТА банктің бұрынғы төрағасы мен оның сыбайластары жөніндегі жаңалықтар менің денсаулығыма әсер етті, – дейді күдікті.
Қуаныш Нұрғазиннің айтуынша, саяси қуғын-сүргіннің болмауы мен демократиялық реформалар оның Қазақстанға өз еркімен оралуына түрткі болған. Ол саяси баспанадан бас тартқан.
Comments