Ақтөбеде 75 жастағы әйел мен 44 жастағы ұлы пәтерден өлі табылған

3742
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/b505e7a9-4c52-4dbb-8747-f319c4a0c971.jpeg
Ақтөбеде жеке пәтерден әйел мен баланың мәйіті табылды. Бұл туралы Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Ақтөбедегі 8-шағын аудандағы көпқабатты үй тұрғындары жағымсыз иіс шыққанын айтып, полицияға жүгінген. Шақырту орнына келген полиция пәтерден 2 мәйітті тапқан.
23 шілдеде Ақтөбе қаласының пәтерлерінің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, пәтер иесі – әйел мұғалім болған. Жалғыз тұрған. Ал 44 жастағы ұлы анасына анда-санда келіп тұрған.  
Comments