Батыс Қазақстан облысында 21 адам бруцеллез жұқтырған

2695
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/da4e902e-576d-408c-9c0d-aac6540b6de7.jpeg
Батыс Қазақстан облысында 21 адам бруцеллез жұқтырған. Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арысбаев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысында 6 әкімшілік аумақта бруцеллездің 21 жағдайы тіркелген. 15 жағдай зертханалық зерттеу кезінде расталды.
Барлық жағдайда инфекцияның малдан жұққаны белгілі болды. Ауру малды төлдету және ауру малды күту кезінде жұққан, - дейді облыстың бас санитариялық дәрігері.
Comments
Other materials