Қуғын-сүргін құрбандары еске алынады

5250
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/04/WhatsApp-Image-2019-04-17-at-17.26.34.jpeg
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1932-33 жылдардағы ашаршылық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге арналған «Зұлмат жылдар қасіреті» атты дөңгелек үстел өткізеді. Дөңгелек үстел мақсаты – Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстан жерінде болған ашаршылықты, саяси қуғын-сүргін құрбандарын, олардың тарихын, ұлт зиялыларының ел мүддесі үшін күресін, сол кезеңдегі тарихи шындықтың бетін ашу, еліміздегі ғалымдардың, зерттеушілердің талдаулары мен ой-пікірлерін ұсыну сондай-ақ аталған нәубеттердің залалын дәлелдеу. Дөңгелек үстелге тарихшылар, көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері, саяси қуғын-сүргінді көрген қайраткерлердің ұрпақтары және танымал ҮЕҰ өкілдері қатысады. Ж.Ашуұлы, А.Тоқтабай, Ә.Ғали, Ф.Шамшиденова, Т.Қоңыратбай, Б.Қойшыбаев сынды ғалымдар баяндама оқиды. Сонымен қатар іс-шара аясында тақырыптық кітап көрмесі өтеді. Өтетін орны: Алматы қаласының С. Бегалин атындағы мемлекеттік кітапханасы. Мекен жайы: Төле Би көшесі 27. Өтетін уақыты: 18.04.2019 ж. Басталуы: 11:00
Comments
Other materials