Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының тәртіп сақшылары Үндістан елінің 12 азаматын ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Тексеру барысында аталған 12 шетел азаматының 8-інде Қазақстан аумағында визасыз болу мерзімі аяқталғаны белгілі болды.
«8 шетелдікке қатысты ӘҚбтК-нің 517-бабы "Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы" бойынша жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жолданды. Ұсталған азаматтар Қазақстанға турист ретінде келгені анықталды»,—деп түсіндірді Ішкі істер министрлігі.
Related news
Deprivation of the source of life. The Kyrgyz side said that they had no water and they burst out of their minds