Журналист Сандуғаш Дүйсенованың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

2075
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/d93581eb-dbec-4ff2-85e9-c5524d27452a.jpeg
Журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды “Адырна”. Журналист Дүйсенова 14 тамыз күні Жетісу облыстық прокурорының қабылдауында болған. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады. «Тергеу органы тергеу үшін заңмен белгіленген мерзімде жәбірленушіге елеулі зиян келтірілгенін растайтын жеткілікті нақты деректер алмаған. Осыған орай, Талдықорған қаласы прокурорының қаулысымен іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды”,-делінген хабарламада.  
Comments