19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш - Приозерск тас жолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп жазады "Адырна".
"Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.
ІІМ сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлайды.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Corridor interview. "I think that the opinions of journalists will be taken into account in the working group" - the Minister