Қазақстан Республикасының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
2023 жылғы 24 тамызда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15-ші БРИКС саммиті аясында өтетін "БРИКС плюс" форматыдағы бейнеконференцияға қатысады. Йоханнесбургте өтетін мемлекет басшыларының диалогтік байланысына Ресей президенті Владимир Путин де қатыспақшы.
Бейнебайланыс арқылы өтетін жиында Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафосаның шақыруымен Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.
