ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Сырым Шәріпханов құтқарушылар тікелей хабарласа алуы үшін байланыс нөмірін жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
4 қыркүйектен бастап Төтенше жағдайлар министрі Сырым Дүйсенғазыұлының ТЖ министрлігінің жеке құрамына арналған телефон нөмірі "WhatsApp" мессенджерінде іске қосылды.
"Енді Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өздерін қызықтыратын проблемалық
мәселе бойынша тікелей министрге +7 747 651 75 88 телефоны арқылы ақпаратты жібере алады."-деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ мәселені министрге жолдамас бұрын хабарламада жеке деректер көрсетілуі тиіс: аты-жөні мен лауазымы, аймағы.
Естеріңізге сала кетейік, Сырым Шәріпханов 10 маусым күні ҚР Төтенже жағдайлар министрі қызметіне тағайындалған болатын.
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз