Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарып келген Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Атаулы жарлыққа мемлекет басшысы 2023 жылдың 5 қыркүйегінде қол қойды. Құжатта:"Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген. Мұны Ақорданың ресми сайты жариялады.Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заман гуманитарлық институтын бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігінің Талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған. 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарып келді. 2023 жылғы 4 қыркүйек күні мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып Айдарбек Сапаров тағайындалды.
"Адырна" ұлттық порталы