«17 адам қаза тапты». Ресей Константиновкадағы базарға шабуыл жасады (ВИДЕО)

4416
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/img_3189.jpeg
Ресей әскері Украинаның Донецк облысы Константиновка қаласындағы базарға шабуыл жасады. Кем дегенде 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі euronews-ке сілтеме жасап. Украина Ішкі істер министрлігі 32 адамның зардап шеккенін мәлімдеді. Олардың арасында құтқарушы да бар. Владимир Зеленский Telegram желісіндегі парақшасында шабуылдың бейнежазбасын жариялап, дүкендер мен дәріханалардың қирағанын атап өтті.
«Жазықсыз адамдар. Қаза тапқандар мен жараланғандардың саны өсуі мүмкін»,—деді ол.
https://youtu.be/vogf24QwUm8?si=WH0sZ7iLCMu0N0V8
Comments