Семейде 8 әйел 3 қызды соққыға жыққан (ВИДЕО)

2630
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/photo-output-4.jpeg
Әлеуметтік желіде қыздар арасында болған төбелестің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Видео авторының айтуынша, оқиға 6 қыркүйекте Семей қаласында болған.
«Сегіз ересек әйел үш қызды ұрып-соққан. Қазір барлық қыз ауруханада жатыр», - делінген хабарламада.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікірі білдірді.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Жедел шаралар жүргізілу барысында жанжал 21-29 жас аралығындағы қатысушылар арасында болғаны анықталды»,—деді басқарма.
Бұған дейін Қазнетте Өскемендегі студент қыздардың жантүршігерлік төбелесі қызу талқыланған еді.
<
Comments