Президент ұлттық құрама спортшыларын жеңіспен құттықтады

2131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/5de91850-a529-48a7-9eb6-ca7497f80011.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық футболшыларды Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна”. Президент 10 тамыз күні футболдан өткен тартысты бәсекені тамашалап, ұлттық құрамаға жанкүйер болды. “Астана Аренада” өткен матчта Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия спортшыларын 1:0 есебімен ұтты. Мемлекет басшысы спортшыларды жеңіспен құттықтады: “Бүгін жақсы ойын болды. Керемет! Жұрт бәрі риза!”,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Comments